Әлеуметтік желідегі кеңеспен емделмек болған әйел өлім аузынан қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі кеңеспен емделмек болған әйел өлім аузынан қалды

19.12.2024

Шымкенттік әйел өзін өзі емдеймін деп өлім аузынан қалды. 53 жастағы келіншек қан қысымын төмендету үшін әлеуметтік желідегі кеңеспен алма сіркесуы, куркума мен зімбірден жасалған сұйықтықты ішкен. Салдарынан әйелдің денесі бөртіп, терісі қарайып кеткен. Тіпті, кей жері күлдіреп қалды. Анафилактикалық шок алған науқас ауыр хәлде ауруханаға түсіп, 2 күн жансақтауда жатып, есін енді жинаған.

Науқас, қала тұрғыны:

Бірінші басым қышыды. Денем қышыды. Алдымен қолдарыма шықты. Ертесіне система салып болған соң, күшейе бастады. Көзіме, аузыма шықты. Денемдегілер шығып болған соң, бетіме шықты ғой. Ол сұйықтық — дайын нарсе. Осы Шымкентте Қазығұрт шағынауданында дайындап шығарады. Шыны бөтелкеде тұрады. 

Өлім аузында жатқан әйелді аман алып қалған дәрігерлер «Лайелла» диагнозын қойды. Бұл - аллергиялы дерматитттің ең ауыр түрі. Ақ халаттылардың сөзінше, соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы емделемін деп зардап шеккендер көбейген.

Бақытжан Позилов, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері:

Осы аурумен, осындай диагнозбен түскен жағдайда 90 пайыз кісілер қайтыс болып кетеді. Бұл кісі дер кезінде дұрыс, жақсы көмек көрсетілгеннің нәтижесінде аман қалды. Интернет арқылы, әлеуметтік желі, TikTok арқылы соңғы уақытта дипломы жоқ мамандар түрлі ауруларды емдеу бойынша нұсқау береді. Қандай дәрі ішу керектігін айтады. Содан зардап шегіп жатқан науқастар өте көп.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу