Өзбекстанда алапат жарылыстан төрт адам көз жұмды
Өзбекстанның Ферғана қаласында алапат жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында балалар да бар.
Тағы онға тарта тұрғын күйік жарақатымен ауруханаға түскен. Жағдайы ауыр. Оқыс оқиға шаһардың орталығындағы жанармай мен газ құю бекетінде болған. Алдын ала мәліметке сай, сыйымдылығы 5 текше метрлік контейнерден ақау шыққан.
Оған газ айдау кезінде сұйық отын сыртқа қарай ағып, артынша екі дүркін жарылыс болған. Соңы өртке ұласып, қызыл жалын маңайдағы ғимараттар мен бірнеше көлікті шарпыған. Ең сорақысы, өрт ошағына жақын орналасқан балабақшадағы сәбилер де зардап шекті. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бес адам қамауға алынған. Тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01