Президент Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді. Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!» - деді мемлекет басшысы.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16