Қарағанды облысының Теректі елді мекенінде ауыл күні мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Теректі елді мекенінде ауыл күні мерекесі өтті

26.07.2017

«Ауылым-алтын бесігім». Осындай атаумен Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Теректі елді мекенінде тұңғыш рет ауыл күні мерекесі өтті. Мәдени шара Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған басымдықтың бірі «Туған жерге туың тік» акциясы аясында мерекеленді. Ауыл күніне орай елді мекенді абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса ауылдастар сайты ашылды. Мұнда Теректінің тарихы мен одан шыққан танымал азаматтар және басқа да құнды ақпараттар жарияланып тұрмақ. Ал, мерекенің салтанатты бөлігінде жұртшылық концерттік бағдарлама мен ұлттық ойындарды тамашалады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу