Алматы облысының Бесқайнар елді мекенінде жаңа балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Бесқайнар елді мекенінде жаңа балабақша ашылды

18.07.2017

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесқайнар елді мекенінде «Балажан» деп аталатын балабақша ашылды.

Ашыла салған күні бұл жерге 25 бала қабылданды. Негізінен 75 орынға арналып салынған. Демек, күзге дейін 50 бала осы жерге орналасады. «Балажанда» қазақ және орыс топтары да жұмыс істейді. Бұл жерде мектепалды даярлық бағдарламасы бойынша мемлекеттік стандартқа сай тәрбие беріледі. Сабақ кестесінде дене шынықтыру мен музыка және хореография бар. Кішкентайларға күніне 4 мезгіл тамақ беріледі. Бұл балабақшаның ашылғанына ауыл тұрғындары қатты қуанды. 

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу