Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кабинаның әйнегін сындырған. Салдарынан жолаушылар сыртқа шығуға мәжбүр болыпты. Оқиға №120-қоғамдық көлікте тіркелген.
Алматы қаласы Алатау ауданының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын еске сала отырып, азаматтарды заңнаманы сақтауға шақырады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барды
25.11.2026, 20:05
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекіді
25.11.2026, 20:03
Энергетикалық сусындардың зияны орасан
25.11.2026, 20:02
Бір аптада 133 мың адам вирустық инфекция жұқтырды
25.11.2026, 20:01