Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, аграрлық ғылымды дамытудың маңызы зор. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Яң Рисөрчс Элиэнс (Young Researchers Alliance) қауымдастығы ұйымдастырған Жас зерттеушілер форумында айтты. Сондай-ақ елдің табиғи байлығын сақтауға және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін терең зерттеулер мен инновациялық қажеттігін жеткізді. Жоғары палата спикері химия, мұнай-газ химиясы, ғарыш ғылымы сияқты салаларды дамыту да стратегиялық мәнге ие екенін жеткізді. Тұрақты өсуге қол жеткізу үшін атом энергетикасының дамуы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа тәсілдері маңызды рөл атқарады, деді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Әділетті Қазақстанда ғылым, инновация және жаңа технология елдің орнықты дамуының негізі ретінде қарастырылады. Президент бастамасымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы соның жарқын көрінісі. Кеңес ғылыми және технологиялық даму саласында тиімді, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі де айтарлықтай нығайды. Алдағы уақытта бұл институт ғылыми қоғамдастық табан тірейтін маңызды негізге айналуға тиіс.
Бейбіт Әбдікенов, «Young Researchers Alliance» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, PHD докторы:
Қыркүйек айының басынан бастап үлкен жоба ұтып алдық. Ол жерде де омырау қатерлі ісігін алдын ала болжау, диагностика жағынан әртүрлі дереккөздерін қолданып, мамография, УЗИ, МРТ, КТ, одан кейін биоматериал, гистопатология бар, геномдық мәліметтердің бәрін жинап, соның негізінде болжау және диагностикалау, жасанды интеллект моделін жасау бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Асылбек Данияр