БҰҰ: Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан босқындар саны 1,5 миллионға жетуі мүмкін
Сирияда қайта басталған азаматтық соғыстан қашқандар саны 1,5 миллионға жетуі мүмкін. Мұны Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік бағдарламасы бүгін хабарлады. Оның дерегінше, қарашаның 27-нен бері 280 мыңдай сириялық үйлерін тастап кеткен. Оларға қазір гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.
Сирия оппозициялық күштері елдің екінші ірі қаласы Алеппоны өткен аптада басып алды. Ал кеше олар Хама деген стратегиялық шаһарға енді. Бұл қалаларда жалпы алғанда үш миллиондай адам тұрады. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір «Хаят Тахрир әш-Шам» тобы ел астанасы Дамаскіге барар жолдағы негізгі қала Хомсқа жақындап қалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12