Алматыда Әкбар Мәжитұлының 70 жас мерейтойына орай зиялы қауым өкілдері бас қосты
Жазушы, аудармашы Әкбар Мәжитұлының 70 жас мерейтойына орай Алматыда зиялы қауым өкілдері бас қосты. Кезінде Қытай прозасының классигі, атақты жазушы Уаң Мың қос тілде төгілген «Әкбар Мәжитұлы – орны бөлек суреткер» деп жоғары бағасын берген. Ол 1980 жылы Бейжіңдегі Қытай жазушылар одағына қызметке кірісіп, «Ұлттар әдебиеті» журналын шығарған тұста талай жас қаламгердің дарынын ашуға ықпал еткен. Ең алғашқы жинағы «Ақсақ құланнан» бастап, 50-ден аса кітабы көпшілікке кеңінен танылды. Сондай-ақ еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Әкбар Мәжитұлы қазақтың танымал жазушыларының еңбектерін, Абайдың 145 өлеңін, 3 поэмасы мен «Қара сөздерін» қытай тіліне аударды.
Әкбар Мәжитұлы, жазушы, аудармашы:
1979 жылы «Қытай мемлекеттік сыйлығын» алдым, небәрі 25 жасымда. Еңбектерім Қазақстандағы оқырмандарымен бет көріскеніне мен қуаныштымын. Қашанда адамзат деген әдеби көркемдер арқылы жүрек тоғысып отырса, сонда бір жылылық, жақындық болады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03