Қостанай шаруаларына несиені қайтару қиынға соғуда
Қостанай облысының шаруалары қаржы институттарына жеңілдетілген несиені қайтару ережесін өзгертуді сұрайды. Себебі алған қарыздың белгілі бір бөлігін субсидиялайтын мемлекеттің көмегі уақытында берілмейді. Соның салдарынан шаруалар 6 пайыздық несиені 24 пайызбен қайтарып шығынға батады.
Былтыр да, биыл да жауын-шашынның салдарынан өнімінің сапасы төмендеп, оны арзанға сатуға мәжбүр болған диқандар мұндай қымбат кредитті жаба алмай қиналып жүр. Осыған байланысты олар қаржы институттарына қарыздарды өтеу ережесін өзгертуді ұсынды.
Александр Бородин, облыстық а/ш тауарын өндірушілер қауымдастығының басшысы:
Алдымен несиенің негізгі сомасын, содан соң 6 пайыздық үсметақысын төлейік. Мемлекет субсидияға қаржы бөлген соң қалған бөлігін жабамыз. Ал қазіргі жағдай бізді мазақ еткендей. Бұл мәселені шұғыл шешу қажет. Өйткені уақыт қысып барады. Есеп айырасатын кез келді, бірақ қарызды қалай жабатынымызды тіпті білмеймін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның автоөндірісі жаңа кезеңге өтті
11.12.2025, 20:51
Сенат төрағасы Президент Қ. Тоқаевтың Рим папасына жолдаған арнайы хатын табыстады
11.12.2025, 20:47
«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясындағы еңбектер жарыққа шықты
11.12.2025, 20:41
Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі
11.12.2025, 20:36
Соңғы 10 айда Шымкенттің экономикасы 14,8%-ға өсті
11.12.2025, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
11.12.2025, 20:14
Тұрғындар қоғамдық көлік қауіпсіздігіне алаңдайды
11.12.2025, 20:12
Алматыда пойызда 53 адам уланып қалды
11.12.2025, 20:10