Күңіренген композиция, симфониялық оркестр. Бұл мұңды үнді жеткізген адам емес – робот. Мұндай концерт музыка тарихында алғаш рет беріліп отыр. Онда робот виоленчельде кәсіби әртістерден артық болмаса, кем ойнаған жоқ. Сонда темір аппараттың бойына өнер қайдан бітті?
Якоб Мухлард, композитор:
Менде бұл есалаң идея роботтық техниканы зерттеп жүрген Фредрик Грандты көргеннен кейін пайда болды. Ол кісі виоленчельде ойнайтын екі өндірістік роботпен жұмыс істейді екен. Сол роботтарды алғаш рет оркестрмен сахнаға шығарудың сәті түсіп отыр.
Композитор Мухлард классикалық музыканы қазіргі заман технологиясымен байланыстыруымен танымал. Айтуынша, өзінің музыкалық партитураларының немесе ноталарының кодқа, содан кейін роботталған виоленчельге көшірілгенін көру өте қызық болыпты.
Якоб Мухлард, композитор:
Роботталған виоленчель шығарманы іс жүзінде нота бойынша орындады. Бұның бәрі мені бей-жай қалдырмады. Роботттың өнерін шын мәнінде қызығушылықпен бақыладым.
Швециялық сазгердің сөзінше, робот-виоленчель әзірге жасанды интеллектіні қолданбаса да, кейіннен сол технологиямен бәрібір жабдықталуы мүмкін. Бірақ оның пікірінше, мұндай механикалық музыканттың келешекте адамның орнын басуы екіталай.
Якоб Мухлард, композитор:
Өз басым роботтар жанды музыканттарды алмастыра алады деп ойламаймын. Меніңше, ол мүмкін емес.
Айта кетсек, робот-виоленчель өзіне арнайы жазылған туындыны Швецияның оңтүстігіндегі Мальмё қаласында орындап, оркестр мүшелерінің ғана емес, көрермендердің де ыстық ықыласына бөленді.
Арыстан Рысбек