Димаштың Алматыдағы алғашқы концерті қалай өтті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың Алматыдағы алғашқы концерті қалай өтті?

25.09.2022

Димаш Құдайберген «Stranger» атты жеке бағдарламасымен Алматыда алғаш рет концерт берді. Оған 30 мыңнан аса көрермен жиналды. Әлемнің 70-ке жуық елінен Димаштың 6 мыңнан аса тыңдаушысы келіпті. Концерттің ақпараттық серіктесі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Кеш барысында заманауи түрлі-түсті шоу ұйымдастырылып, 31 ән орындалды. Олардың арасында тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын хиттері де, жаңа әндер де бар. Концерт 150 минутқа есептелсе де, 4 сағатқа жуық уақытқа жалғасты. Кештің әсерлі сәттерінен үзіктер ұсынамыз. 

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу