Алматыда халықаралық әдеби биеннале басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық әдеби биеннале басталды

13.06.2017

Алматыда Ұлттық кітапхана мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен халықаралық әдеби биеннале басталды.

«Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты мәдени шара «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатыр. Оған әлемдегі әдебиет саласы бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, 20-дан астам елдің ғылым және мәдениет қайраткерлері, жалпы 40-тан астам шетелдік қонақ қатысуда. 3 күндік шарада түрлі дөңгелек үстелдер мен кітап-экспозициялық және фотокөрмелер, арнайы экскурсиялық бағдарламалар, жазушылармен кездесулер болады. Ал, әлемге танымал белгілі жазушылар биеннале қорытындысы бойынша Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үндеу жариялайды.

 

Амангелді СЕЙТХАН                                   

Хабарламаларға жазылу