Ақтөбе облысында 350 мың түп ағаш отырғызылды
Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы 350 мың түп ағаш отырғызылды.
Тұрғындар жаңадан бой көтеріп жатқан «Алтын орда» ауданына келіп, 100 терек екті. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы өңірде 98 мыңнан астам аула, 289 саябақ, 257 ескерткіштің айналасы тазартылды. Бұл жұмыстарға 405 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Полигонға 71 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Аға буын өкілдерінің айтуынша, соңғы кездері жастардың да қала тазалығына деген көзқарасы өзгерген.
Бижан Қалмағамбетов, облыстық мәслихаттың депутаты:
Жастар құрметпен қарайтын болды. Неге десеңіз, өздерінің дем алатын жері, өздері таза ауа жұтады. Келген қонақтармен бірге жүреді. Біздердің де, аға буынның да назары осында. Өзіміздің қаламыз жақсы болса, қандай жақсы.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапонияда робот әскери жаттығуға қатысты
14.01.2026, 20:44
Алматы облысына 600 млрд теңге инвестиция тартылады
14.01.2026, 20:41
Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады
14.01.2026, 20:38
Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
14.01.2026, 20:35
Алматыда көлік қозғалысы экологиялық талаптарға сай реттеледі
14.01.2026, 20:34
Елімізде соңғы 5 жылда жол апатынан 12 мың адам қаза тапқан
14.01.2026, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
14.01.2026, 20:28
Ирандағы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жетті
14.01.2026, 20:23