Алматыда мерекеге орай мың түп ағаш отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мерекеге орай мың түп ағаш отырғызылды

15.10.2022

Бүгін Алматыда Республика күніне орай мың түп ағаш отырғызылды.

Игі шараға желтоқсандықтар, колледж студенттері мен еріктілер қатысты. 100 гектарға жуық аумақты қамтитын «Желтоқсан» саябағы 2020 жылы ашылған. Содан бері абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінгі бас қосудың басты мақсаты - сол игі істі жалғастырып, республика күнінің маңыздылығын арттыру, дейді жиналғандар.

Нұрлыбек Қуанбаев, «Желтоқсан қоғамы» ұйымының төрағасы:

1990 жылдың 25-ші қазанынан бастап біздің Тәуелсіздікке деген мәңгілік жалын оты тұтанды десе де болады. Қазіргі кезде Республика күні өте мынандай жайма шуақ малдың жаңағы қомданып, семірген, егіншіліктің жиналып келген уақыты. Сондай халыққа 16 желтоқсаннан гөрі 25 қазанда тойлаған өте ыңғайлы және жайлып болып келеді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу