Елімізде авиаотын тапшылығы мәселесі 2030 жылы шешіледі
350 мың тонна. Еліміздегі авиациялық отын тапшылығының жылдық мөлшері осындай. Яғни Қазақстан әуе кемесін көкке көтеретін керосиннің 35 пайызын сырттан сатып алуға мәжбүр. Бұл туралы Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде өндірілетін жанар-жағармайдың бұл түрі жылына 650 мың тоннаға жуықтайды. Ал тұтынылатын әуе отынының мөлшері 1 млн тоннадан асады. Сондықтан да авиаотын тапшылығы импорттау арқылы шешіліп жатыр. Бұл мәселе 2030 жылға таяу реттелуі тиіс.
Жібек Бердібекова, ҚР Энергетика министрлігі мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің басқарма басшысы:
Импорттауға басты себеп - халықаралық әуежайлардағы рейстер. Отандық авиакомпанияларға жетіп жатыр. Ал бірақ мына сырттан келгендерге, сосын жүк жөнелту бар, оларға да байланысты. Енді жылдан-жылға сұраныс өсіп келе жатқан соң, біздер, әрине, жоспарымыз бар мұнай өңдеу зауыттарын ұлғайту бойынша. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын екі есе, яғни 6 млн-нан 12 млн-ға дейін жылына қуаттылығын кеңейту.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58