Астаналық пианиношы Биали Бекенов Брюссельде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық пианиношы Биали Бекенов Брюссельде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

24.04.2017

Астаналық Биали Бекенов Брюссельде өткен «Мерси, Маэстро!» атты жас пианиношылар халықаралық байқауында жеңіске жетті. 7 жастағы жерлесіміз «Ең жас орындаушы» номинациясы бойынша лауреат атанды. Үш күнге созылған байқауға әлемнің 28 елінен 100-ден астам музыкант қатысқан. Қазылар алқасының мүшелері қазақстандық балғынның өнеріне тәнті болып, болашағынан зор үміт күтетіндерін мәлімдеді. Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық академияның 1-сыныбында оқитын Биалидің ендігі арманы - өнерімен әлемді бағындыру. 

НұрсұлуҚасым

Хабарламаларға жазылу