Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан Әлем чемпионы атанды

04.08.2014
Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан Әлем чемпионы атанды

Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметі. 

Бұл - халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда «Аssenov Fight» нұсқасы бойынша Әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.

Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.

Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Бұл жарыста Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.

Үш күн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық  Қанат Досмағамбетов жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу