Марбург вирусы: Санитарлық бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марбург вирусы: Санитарлық бақылау күшейді

07.10.2024

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Марбург вирусының өршуі туралы ескертуінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі эпид жағдайды бақылауды күшейтті. Халықаралық әуежайлар мен шекара бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асыруда. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова хабарлады. Марбург – сирек кездесетін, геморрагиялық қызба тудыратын қауіпті инфекция. Аурудың негізгі ошағы - Африка елдері. Вирус жануардан адамға және адамнан адамға жұғады. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлі жабайы аңдардан сақ болуға, жарқанаттар жүретін үңгірлер мен шахталарға бармауға кеңес береді. Ал ауру белгілері, ол дене қызуы көтеріліп, іш өту, құсу. Мұндай белгілер байқалса дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар қазақстандықтарға шетелге шыққанда профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу