«Айқын» басылымының жарық көргеніне - 13 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айқын» басылымының жарық көргеніне - 13 жыл

06.04.2017

Биыл «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси басылымының жарық көргеніне 13 жыл толды. Осыған орай, газет ұжымы «13 игі шара» атты акция бастады.

Шара аясында қаламгерлер алдымен Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне барды. Қазақ журналистикасының қарашаңырағы саналатын білім ордасының ұжымымен кездесті. Газетте ұзақ жыл қызмет атқарған редакторлар сөз алып, жастарды басылымның 13 жылда жүріп өткен тарихи жолымен таныстырды. Сондай-ақ, олар оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді 4 студентке газет атынан шәкіртақы тағайындап, сертификаттар табыстады.

 

 

Амангелді СЕЙІТХАН 

Хабарламаларға жазылу