«Егемен Қазақстан» газетіне - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» газетіне - 100 жыл

18.03.2019

Биыл «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне - 100 жыл. Осыған орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейін» атты алқалы жиын өтті.

Зерттеушілердің сөзінше, аталған басылымның алғашқы саны Орынбор қаласында 1919 жылы 17 желтоқсанда шыққан. Осы уақытта дейін оның атауы 8 рет өзгерген.

Мәселен, «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» сияқты атаулармен жарық көрген. Бас басылымда талай мемлекет қайраткері басшылық қызмет атқарған. Олардың қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза сынды беделді тұлғалар болды. Қазір «Егемен Қазақстан» 200 мыңнан астам данамен шығады. 

Бақытжамал Оспанова, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Біздің кітапханада бұл газетке сұраныс өте зор. «Егемен Қазақстан» газеті еліміздің нөмірі бірінші басылымы. Оқырмандар кезекпен келіп алады. Осы көрме бір жыл бойы тұрады.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу