Алматыда өткен Халықаралық иттер көрмесіне тұңғыш рет қазақ тазысы қатысты
Алматыда өткен Халықаралық иттер көрмесіне тұңғыш рет қазақ тазысы қатысты. Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 500-ге тарта түрлі тұқымды иттер мен 30-дан аса қазақ тазысы жиналды. Жеті қазынаға жататын құмайды әлемдік деңгейде танытуға бағытталған шарада Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген сарапшылар төрелік етті.
Тазы асыл тұқымды иттердің ресми стандартына сәйкес бағаланды. Шарада құмайдың бойы мен салмағы, басы, кеуде тұсы мен тісі, шапшаңдығы мен ізшілдігі жіті тексерілді.
Герард Джиппинг, Халықаралық кинология федерациясының вице-президенті:
Қазақ халқының ұлттық болмысына тазы ит жақын деп ойлаймын. Мен түрлі асыл тұқымды иттерді өсірдім. Зерттеуімше, тазының аңшылық қабілеті ерекше, өзі - талғампаз жануар. Ендігі мақсат -оның санын көбейтіп, баптап, тұқымын жоғалтпау керек. Меніңше, тазыны табиғи жолмен өсірген дұрыс. Сонда аңға салғанда, олжалы қайтады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00