Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап атқарған еді. Оның орнына Президент өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков тағайындалды.
Оңғар Алпыбайұлы