Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

19.01.2022

ҚР Президентінің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Президенттің өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. 


Хабарламаларға жазылу