Бүгін – Ұлттық Ұлан күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Ұлттық Ұлан күні

10.01.2018

 

Бүгін  Ұлттық Ұланның құрылғанына – 26 жыл. Осыған орай, жауынгерлік қызметте көзге түсіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізген әскери қызметшілер Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысы атынан арнайы наградалармен марапатталды.

 

Мереке аясында еліміздің әр өңірінен Ұлттық Ұлан қатарына шақырылған жас өрендер ант қабылдап, азаматтық борышын өтеуде.

 

Мұхаметұқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор:

Ұлттық ұлан, бұрынғы ішкі әскеріміз өзіне жүктелген заң мен міндеттерін халықтың алдында, Елбасының алдында орындап отыр. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі өткенде 2500 сарбаз  осы Астанада ІІМ және басқа министрліктермен  қоғамдық тәртіпті күзеткен.

Хабарламаларға жазылу