Биыл электр стансаларында 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Үкімет осыны бірнеше отырысында талқылады. Үкімет басшысы барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарды 1 қыркүйекке дейін отынмен қамтамасыз етуді тапсырды. 2022 жылы қарашаның соңында Екібастұзда апат болып, адамдардың 30 градус аязда жылусыз қалғаны есте. Негізі қорытынды шығаратын оқиға бұл бір емес...
Тамыздағы соңғы жиында кестеден кешігу туралы айтылды. «Ескертпеді демеңдер» дегені болар. Алайда ескертпеді демеңдерге мыңқ етпейтіндер мен шын мәнінде жамап-жасқағанға болмайтын нысандар бар. Екінші жағынан, модернизациялауға бөлінетін қаржы да, адамдардың қызмет үшін төлейтін ақысы да аз емес. Былтыр тіпті бірнеше аймақта қызмет жеткізушілер тұрғындарға заңсыз көп төлеткен. Биылғы жылу маусымында қайта есептеседі деген, онша сенбейсің. Қазандықтардың қайнап тұруы өмір сапасының маңызды көрсеткіші екенін Амангелді Сейітхан да еске салады.
Баяғы жартас сол жартас. Халықтың ашынғанда айтатын осы сөзі өткен аптада Премьер-министрдің ауызынан шықты. Өйткені, биылғы қысқа қамдануды Үкімет басшысы мамыр айында тапсырған. Сол кезде әкімдерге ескерту жасаған.
Олжас Бектенов – ҚР Премьер-Министрі:
Әкімдер, сіздерге айтарым, жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына ат үсті қарауды доғарыңыздар. Обьектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарын тікелей бақылауға алу керек.
Әкімдер бақылауға алған болар, обьектіге барған да болар. Сонда да Премьер-министрдіңтапсырмасыорындалмағандай.Себебі, апта бұрын Олжас Бектенов былай деді:
Олжас Бектенов – ҚР Премьер-Министрі:
Бүгін басшылардың көпшілігі қанша жерден сенімді сөйлеуге тырысса да жұмыстың нәтижелі болатынына менің анық көзім жетіп тұрған жоқ. Жұмыстардың ауқымды бөлігін ең соңғы күнге қалдыру әдетке айналды. Яғни, дұрыс жоспарлау жоқ.
Оның сөзінше Қарағандыдағы екінші жылу орталығында бір қазандықты жөндеу жұмысы мерзімінде бітпесе, енді бірінде жұмыс әлі басталмаған. Ал, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы мен Шахтинскіде жұмыс кестеден кешігіп жатыр.Премьер-Министр қаржы уақытылы бөлінсе де, жүйелі жұмыс жоқтығын сынады.
Дархан Алиакбаров – ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Жөндеу жұмыстарына жалпы көлемі 327 млрд теңге қаражат қарастырылды. Және де қосымша Үкімет резервінен 22 млрд теңге қосымша бөлді.
Бұл қаражатқа 10 энергия блогын, 55 қазандық пен 45 турбинаны жөндеу тапсырылған. Қазір жұмыстың жартысы ғана іске асқан.
Дархан Алиакбаров – ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
5 энергоблокта, 26 қазандықта және 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған қондырғыларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1-2 жылыту электр орталықтары бойынша кешігулер орын алды.
Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында жағдай қиын. Алтай мен Серебрян қаласында қазандықтарға қажетті жабдықтар уақытылы жеткізілмеген. Салдарынан мердігер мекемемен жасалған келісім бұзылған.
Нұрлан Рамазанов – Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Ол тек Алтай қаласында, Алтай ауданында емес. Барлық жерде бар. Жауапсыз мердігер дейміз. Ондай жағдайлар бар. Біз заңдылық төңірегінде қарсы санкция қабылдап жатырмыз.
Материал алу үшін байқау қайта жарияланған. Ал, жылыту орталығы суық түскенше 1 қазандықты болса да қосуға тырысып жатыр. Қажетті материал жеткізілген күнде де жөндеуге адам жетпейді.
Константин Неверов – Алтай қаласы жылыту қазандығының бастығы:
Былтыр жалақының аздығынан бірнеше адам жұмыстан шықты. Қазір нақты бар жұмысшылардың санына байланысты тариф белгіленіп жалақы төленеді. Яғни біздің жалақы тарифке тәуелді. Енді біз басқа ешкімді қабылдай алмаймыз.
Соның салдарынан15 дәнекерлеушінің жұмысын 7 адам істеп жүр. Көбі зейнеткер. Өйткені, жас мамандға төленетін айлық 160 мың теңге. Мұндай еңбекақыға олар келмейді. Ал, жылудың жоқтығынан көктемнен бері ыстық сусыз отырған тұрғындар алаңдаулы.
Бұл Петропавлда 2 жыл бұрын құлаған мұржа. Соның орнына биыл салынып бітуі тиіс жаңа мұржаның тапсырылу мерзімі тағы шегерілді. Мердігерлер келер жылдың аяғында бір-ақ бермек. Нысан не себепті кешігіп жатқанынэнергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілі айта алмады. Тек жұмыстың есебімен бөлісті.
Ермек Тушанов –Облыстық Энергетика энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілі:
Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айынан басталды. Бүгінгі күнде түтін құбырының 50 метр биіктігі көтерілді. Жалпы, 180 метр көтеріледі.
Еске салайық, құлаған мұржаның орнына тұрғызылатын нысанныңбылтыр қисық салынып жатқаны анықталып, ол қайтадан бұзылған еді.
Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысында да бір жобабойынша мердігер әлі анықталмағаны айтылған. Аймақтағы жауаптылар қаржының бөлінуіне байланыстыосылай болып отыр деп жауап берді.
Бұлбірнеше аймақтағы жылу электр орталықтарының жағдайы. Ал, елде жалпы 37 осындай нысан болса, көбі ескірген.
Дархан Алиакбаров – ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Жылу электр орталықтарының орташа тозу деңгейі 65 пайыз. Ол былтырғымен салыстырғанда 2 пайызға төмен. Және де қазіргі жүргізіліп жатырған жаңарту жұмыстарының нәтижесінде тағы 4 пайызға түсу күтудеміз.
Бірақ, жыл сайын жамап-жасқағаннан нәтиже оңалар емес. Өйткені, барлығы дерлік өткен ғасырда салынған.
Аманкелді Сейтхан – Тілші:
Мысалы, Семей мен Алматыдағы жылу электр орталықтарына 90 жыл болған. 37 орталықтың 31-інің салынғанына 50 жылдан асқан.Соңғы 30 жылда бір ғана, яғни, Астанадағы 3-ші ЖЭС-ті есептемегенде басқа жаңа орталық салынбаған.
Бірақ, Елордадағы сол ЖЭС-тің құрылысы да 13 жылдан бері толық бітпей жатыр.
Аманкелді Сейтхан – Тілші:
Бұл орталықты салуға республикалық бюджеттен бүгінге дейін 116 миллиард теңге жұмсалған. Ал жазда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жобаның құныәу бастағыдан 40 пайызға қымбаттап кеткенін айтты. Яғни, құрылысты аяқтауға әлі 30 млрд теңге қажет. Егер қаражат уақытылы берілсе құрылыс2026 жылы толық аяқталуы тиіс.
Жаңа орталықтың өзі осынша ұзақ салынса, ескілерін жаңарту одан да қиын. Энергетика саласының сарапшысы Петр Своиктің айтуынша, жеке меншіктегі орталықтарды олардың иелері мүлде күтімсіз қалдырған.
Петр Своик –Энергетика саласының сарапшысы:
Бұл саланы тек пайда көздеген сатармандар жаулап алды. Олар инженерлерді ығыстырып тастады. Жылумен қамтуды қызмет емес, ақша табу құралына айналдырды. Соның бір мысалы Клебанов. Соңында әбден іріп-шіріген орталықты мемлекетке ысыра салды.
Қазір 37 орталықтың 20-сы жекеменшікте. Бәрі ескірген. Осы саланың тағы бір сарапшысы Жақып Хайрушев жөндеу жұмыстары компанияларға да қымбат екенін айтты.
Жақып Хайрушев – «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры, энергетика саласының сарапшысы:
Мысалы, Қазақстанда турбиналарға қажетті қалақтар, роутерлер шығарылмайды. Оларды шет елдерден әкеледі. Одан бөлек, көмірмен қыздырылатын станцияларды банктер қаржыландырмайды. Несиені де 25 пайызбен береді. Ол тиімсіз./
Осы кезде тарифтен түсетін ақша жетпей ме деген сұрақ туады. Өйткені, жылудың бағасы жыл сайын өсіп жатыр.
Жақып Хайрушев – «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры, энергетика саласының сарапшысы:
Тарифтен түсетін қаржыкапиталды жөндеугежетпейді. Біз тарифті 15 жыл бұрын көтеруіміз керек еді. Бірақ оны ұстап тұрдық. Соның салдарынан компаниялар жаңартуға ақша бөлген жоқ. Енді мұны шешудің бір жолы тарифті инвестицияға ауыстыру. Бірақ, бұл салаға қызығушы инвестор жоқ.
Ал, Петр Своик болсатарифтен түскен ақшаны жеткізуге болар еді, егер тиісті бақылау болғанда,-дейді.
Петр Своик –Энергетика саласының сарапшысы:
Тарифтен түскен ақша шыныменде жетпей ме, оны ешкім тексермейді. Иә, тариф 30 жыл бойы энергетикалық нысандардың сұрауы бойынша емес, инфляция бойынша бекітілді. Бірақ, одан кейін оған аудит жүргізілмеді. Егер сіз қазір тарифті көтеру керек пе десеңіз, иә деймін. Ал, оның қаншасы жемқорлыққа кетіп жатыр десеңіз, ойланам. Мұны мен өзіме жауапкершілік ала отырып айтамын. Өйткені, жүйені білемін. Бұл сала жемқорлыққа батқан.
Тағы бір мәселе, жылу электр орталықтарының отын жеткізушілерге де берешегі артқан. Биыл 10 нысан отын үшін шамамен 20 млрд теңге қарыз.Демек, оларды қазір халықты жылумен қамтудан бұрын қарыздан құтылу деген мәселе де алаңдатып отырғандай. Ал, бүгін күздің бірінші күні. Солтүстік те қара суық та сезіле бастады.
Қысқа дайындық жоспары:
Энергия блогы – 10
Қазандық – 55
Турбина– 45
Семей ЖЭС – 1934
Алматы ЖЭС – 1935
90 жыл
Барлығы: 37 ЖЭС
31 ЖЭС – 50 жыл
Амангелді Сейітхан