Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
Бүгін Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды. Бұл Оңтүстік Корея автоөндірушісінің Қазақстандағы тікелей инвестиция салған алғашқы жобасы. Құрылысы 2023 жылы басталған нысан небәрі екі жыл ішінде бой көтерді. Алпауыт компаниямен серіктестік ішкі нарықпен қатар экспорт әлеуетін де арттыруға мүмкіндік бермек.
Құны 131,5 млрд теңге болатын көптен күткен инфестжоба бүгін Президент пәрменімен іске қосылды. Жаңа нысан қаланың индустрия аймағында бой көтерді. Өндірістік корпусы 96 мың шаршы метрді құрайтын зауыт толық қуатына көшсе, 1500-ге жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Келген команда осы зауыттың құрылысы бір жарым жылдың ішінде бітіп қалады деп жоспар құрдық. Сол кезде бұл фантастика деп, кейбір азаматтар айтушы еді. Дегенмен барлық осы салаға, осы құрылысқа қатысқан азаматтар өзінің жоспарын орындады.Кәсіпорын жылына 70 мыңға жуық көлік құрастырады. Алғашқы болып KIA Sorento моделі нарыққа шығады. Ал 2026 жылдан бастап Sportage көлігі құрастырыла бастайды. Олардың барлығы ұсақ торапты өндіріс арқылы, яғни бастан аяқ өзіміздің елде жиналмақ.
Ким Де Ки, KIA Qazaqstan зауытының бас директоры:
Көптеген әлем елдерінде зауыттарымыз бар, бірақ Орталық Азияда, тіпті жалпы Азияда бірде-бір өндіріс орны болмаған. Енді бұл зауыт Kia компаниясын қолдайтын серіктестер үшін — Қазақстанға, ТМД елдеріне және басқа да мемлекеттерге арналған экспорт пен ішкі нарықтағы негізгі өндіріс орталығы болмақ.Дмитрий Парфенов, дәнекерлеу цехының басшысы:
Зауытта барлығы 4 ірі цех пен орталық қойма бар. Біз тұрған өндірістің басы - дәнекерлеу цехы. Бұдан бөлек шанақ пен пластик бояу, құрастыру орындары бар. Бұл жерде 125-ке жуық маман жұмыс істейді. Бәрі де білікті, арнайы дайындықтан өткен.Өндірісте озық технологиялар кеңінен қолданылады. Жұмыстың 60 пайызы автоматтандырылған. Сондықтан білікті мамандарды даярлау үшін алда компания корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ зауыт маңында автобөлшек өндіретін біреше шағын кәсіпорын іске қосылмақ.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09
Қазақтың абыройын асқақтатып, көк туды желбіреткен жеңімпаздар
21.10.2025, 20:05