Ақтөбеде «Senat Open» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті
Ақтөбеде шахматтан «Senat Open» ашық кубогінің жартылай финалы өтті. Турнирге Атырау, Ақтау, Батыс Қазақстан және Ақтөбенің депутаттары, БАҚ саласының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық кеңестің мүшелері қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Рапид бойынша 9-шы тур қорытындысына сәйкес финалға 25 адам жолдама алды. Олар республикалық кезеңде батыс өңірінің намысын қорғайды. Финал тамыз айының соңында Астанада өтеді. Шешуші кезеңге Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ қызметкерлерін қосқанда 200-ге жуық адам қатысады.
Александр Бабенко, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:
Жарыс өте тартысты өтті. Себебі қатысушылар жауапты саланың мамандары. Олардың қатарында журналистер, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар бар. Ал жеңімпаздар 31 тамыз күні Астанадағы финалға жолдама алады. Шахмат - ақыл ойдың дамуына септігін тигізетін, өте қызықты ойын түрі. Сондықтан бұл қатысушыларға да өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04