Астрахан облысынан Алтын Орда хандарының қорымы табылды
Астрахан облысындағы Лапас ауылының жанында Алтын Орда хандарының қорымы табылды. Татарстан ғалымдары 20 жылдан бері Еділдің төменгі ағысында қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу нысаны Астраханнан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш-қорым Ақ Сарай қалашығы деп аталатын ортағасырлық қираған ғимараттардың қалдықтарынан тұрады. Мұнда шамамен жиырмаға жуық кесене бар. Лапастың төрт ірі кесенесінде Берке, Өзбек, Жәнібек, Бердібек хандар жерленуі мүмкін.
Айрат Ситдиков, Татарстан ғылым академиясы А.Х.Халиков атындағы археология институтының директоры:
Соңғы екі-үш жылдағы археологиялық зерттеулер әлемдік маңызы бар объектінің ауқымын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл кешеннің Алтын Орда хандарына тікелей байланысы барын анықтадық. Кешен XIV ғасырдың жиырмасыншы жылдары Өзбек хан тұсында салынған. Бұл кешен Жошы ұлысы хандарының жерленген жерлерінің үстіне қойылуы да мүмкін. Бұл нысандарды сақтап, мұражай құру да маңызды.Лапаста археологиялық жұмыстар басталғанға дейін бұл не ескерткіш-қорым екенін ешкім анықтаған жоқ.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Табиғатты қорғау демалыстан кейінгі тазалықтан басталады
23.06.2026, 13:45
150-ден астам заңсыз қоқыс орны жойылды
23.06.2026, 13:27
Әлеуметтік желіде алауыздық тудырғандар жазаланады
23.06.2026, 13:03
Бет-әлпетін жапқан 1613 адам жазаланған
23.06.2026, 13:00
Месси Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
23.06.2026, 10:12
«Four Continents – 2027» чемпионаты Қазақстанда өтеді
23.06.2026, 10:11
«Айбын-2026»: Жастар шығармашылық байқауда бақ сынады
23.06.2026, 10:10
Елімізде 25 маусымда колледждерге құжат қабылдау басталады
23.06.2026, 10:09