V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекет қатысады
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекет қатысады. Мұны Астанада өткен «Спорт – бейбітшілік елшісі» көрмесінде Туризм және спорт министрінің орынбасары айтты.
Еліміздегі Дипломатиялық қызмет күніне орай өткізілген шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысқан шетелдік БАҚ өкілдері де қатысты. Қонақтарға қыркүйек айында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды. Биылғы дүбірлі додада 21 спорт түрінен сайыстар өтеді. Оның ішінде қазақтың 11 түрлі ұлттық ойыны да бар. Қазір, ауқымды спорттық іс-шараға қызу дайындық жүріп жатыр. «Қазанат» ипподромы маңында қазақ ауылы құрылмақ.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Жалпы спортшылардың, делегациялардың сандарының қатысуы 2500-ден астам күтілуде. Сонымен қатар 100 мыңнан астам қонақ, туристер келеді деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта оларды орналастыру үшін 32 қонақ үй дайындалып отыр қала әкімдігімен бірлесіп.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06
Sailau AI ЖИ көмекшісін іске қосты
19.08.2026, 13:03