Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізілді
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Ош облысы Ноқат ауданында нөсер жауын жауып, жойқын сел жүрген еді. Салдарынан 9 адам көз жұмды. Оның 4-еуі Қазақстан азаматы. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көз жұмғандарың барлығы жасөспірімдер. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ондағы ведомство өкілдерімен тығыз байланыста. Қазақстандық құтқарушылар азаматтарымызды эвакуациялау үшін Ош облысына түнде барған болатын. Ұшақ бортында медицина қызметкерлері мен психологтар да бар. Қазақстан тарапы гуманитарлық көмек апарды. Бортқа 3 тоннаға жуық азық-түлік тиелген. Қазір бұл сел жүрген аймақта құтқару-іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
17.02.2026, 20:09
Алаяқтықтың жаңа түрі: Банк карталарын бұғаттай бастады
17.02.2026, 20:07
Экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады
17.02.2026, 20:06
Импорт көлемін азайтуға арналған бағыттар айқындалды
17.02.2026, 20:02
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен сөйлесті
17.02.2026, 20:00
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36