Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

19.05.2021

Қырғызстанға қазақстандық ұнның алғашқы бөлігі жеткізілді. Бұл ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайынға деген гуманитарлық көмек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көрші елге 10 мың тонна ұн мен жоғары өнімді бидай тұқымының мың тоннасы жеткізіледі. Әзірге көмектің алғашқы бөлігі, төрт жарым мың тонна ұн жеткізілді. Ол әуелі елдің солтүстігіндегі Қара-Балта және Балықшы қалаларына, қалғаны оңтүстіктегі ірі екі шаһар - Ош пен Жалал-Абадқа әкелінеді. Ал ұнның қалған бөлігі, яғни 5,5 мың тоннасы мамыр айының аяғына дейін жеткізілуі тиіс.  

Игорь Шестаков, сарапшы:
Бауырлас әрі одақтас Қазақстанның көмегі мен қолдауы бізге өте қажет деп есептеймін. Өткен айдың соңы қырғыз мемлекеті үшін оңай болған жоқ. Шекарадағы қақтығыстан соң 58 мыңдай адам босып кетті. Бүкіл ел болып жылу жинадық. Дәл осы сәтте Қазақстанның гуманитарлық көмегі орынды болып отыр. Былтырдан бері көршіміз пандемияға байланысты түрлі медициналық жабдықтар жіберіп жатқанын да ұмытпауымыз керек.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу