Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанға жеткізілді
Қазақстаннан жөнелтілген гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх провинциясына жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендерге кезекті рет жіберілген жүктің жалпы салмағы 1660 тоннадан асады. Күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, көрпе-жастық пен жылы киім, шатырлар мен басқа да заттар 27 вагонға тиелген. Балх провинциясы губернаторының орынбасары ауған халқы атынан Қазақстан Президенті мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел арасында берік достық байланысы бар екенін айтты.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05