Елімізде 12,5 мың адам «банкрот» деп танылды
Елімізде он екі жарым мыңнан астам адамның несиесі кешірілді. «Банкрот» еп танылған олардың берешегі 27 миллиард теңге. Тағы мың жарымнан астам адамның өтініші қаралып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша бұл өтініштер 6 ай қаралып, кейін нақты шешімдер шықпақ. Бұлардың барлығы несиесін бір жылдан бес жылға дейін төлей алмай жүргендер. Жалпы банкроттық туралы заң күшіне енгелі 100 мыңнан астам адамнан өтініш түскен. Бірақ өтініш беріп, кейін оны қайтарып алып жатқандар да жетерлік. Өйткені «банкрот» деп танылған соң 5 жыл бойы қайта несие ала алмайды. Әрі қаржылық жағдайы үш жыл бақылауда болады.
Меруерт Сисембаева, ҚР ҚМ МКК дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы:
Қай жерге жүгінеміз деген көптеген сұрақтар болады. Соттан тыс банкроттыққа жүгінгісі келген азамат ол өтінішті ХҚКО-на барып немесе үйде отырып мобильді қосымшалар e-Salyq, eGov mobile сияқты қосымшалар арқылы үйде отырып өтініштерді беруіне мүмкіндіктері бар.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05