Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды
Ал несие алып, қарызын төлей алмай жүргендер үшін банкроттыққа өтініш беру жалғасып жатыр. Бүгінде 11 мыңнан астам адамның қарызы кешірілді. Олардың жалпы берешегі 25 млрд теңгеден асады. Тағы 5 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Нақты жауабы 6 ай тексерістен кейін белгілі болады. Алайда ресми түрде «банкрот» статусын алмай жатып, арызын қайтарып алғандар да бар. Бір жылда мыңға жуық адам өз өтінішін кері қайтарған. Оның себебін түсінуге болады. «Банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржылық жағдайына үш жыл бойы бақылау жүргізіледі.
Меруерт Сисембаева, ҚР ҚМ МКК дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы:75 пайыз өтініштерді біз мақұлдамай жатырмыз. Неліктен? Кейбір кезде азаматтар біле тұра мүлігі бар немесе қарыз сомасы көбірек екеніне қарамастан, соттан тыс банкроттыққа беріп жатады. Кейбір кезде қолданыстағы заңның қолданылмай жатқан тұстары бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00