Батыс Қазақстан облысында мүлік шығынын өтеуге қосымша 5 млрд теңге бөлінді
Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың мүлік шығынын өтеу үшін облыстық бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді. Тиісті қаражат резервке кіріс түсімдерінің есебінен аударылады. Сондай-ақ, осы қаражаттың бір бөлігі баспанасына залал келген тұрғындарға өтемақы төлеуге жұмсалады. Әрі су басқан ауылдардағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен күрделі жөнделуіне де қаражат резервтен бөлінбек. Қазір өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған нақты 402 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аймақта барлығы 9 224 отбасыға 3,4 млрд теңге бір реттік әлеуметтік көмек берілді.
Нұрлан Есенғалиев, облыстық Қаржы басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда 6 млрд теңге қаражат бар. Қосымша 5 млрд теңгеге мақұлданды. Күні бүгінге 3,8 млрд теңге облыстық резервтен жұмсалған болатын. Басым бөлігі 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік әлеуметтік төлемге берілді. Орал қаласы мен аудандарда зардап шеккен тұрғындарға төленді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы - ел дамуының басты бағдары
13.03.2026, 10:46
Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
13.03.2026, 10:38
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
13.03.2026, 10:34
Алматы облысында коалиция мүшелері жастармен «Таза Қазақстан – таза болашақ» бастамасын талқылады
13.03.2026, 10:22
Қостанайда референдум қарсаңында ауқымды форум-концерт өтті
13.03.2026, 10:17
Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
13.03.2026, 10:13
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген
13.03.2026, 10:03
Австралияда жасөспірімдердің бестен бірі тик-токты қолданып жүр
13.03.2026, 10:00