Төрт айда жол апатынан 542 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрт айда жол апатынан 542 адам көз жұмды

21.05.2024

Төрт айда жол апатынан 500-ден астам адам көз жұмған. 7 мыңнан астамы жарақат алған. Мұны ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ, әрбір төртінші жол-көлік апаты балалардың қатысуымен болғанын жеткізді. Дегенмен әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, автомагистральдарда жол апаты азайды деп отыр.

Қайсар Сұлтанбаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы: 
15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам азамат көз жұмса, қазір бұл көрсеткіш 2 есеге азайып отыр. Магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам шығыны 6 есеге қысқарды. Мысалы «Астана-Щучинск» тас жолын қайта жаңартып, жолақтар санын ұлғайттық. Содан кейін апат азайып, өлім-жітім 75-тен 12-ге дейін төмендеді. Сондықтан еліміздегі 6 мың шақырымнан астам жолда жолақтар санын кеңейту және бөлу жолағын салуды қайта жаңартуды қамтамасыз ету қажет.

Ішкі істер министрлігі автомобильді техникалық байқаудан өткізу туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейді. Себебі, былтыр техникалық ақау себебінен 18 жол-көлік апаты тіркеліп, 7 адам қаза тапқан. Қазір ел ішіндегі автомобильдердің тең жартысының пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен.


Хабарламаларға жазылу