Алматы облысында ірі жол апаты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ірі жол апаты болды

05.04.2021

Алматы облысында ірі жол апаты болды. Өтеген батыр кентінің кіреберісінде жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Lexus  көлігі қарсы бағытқа шығып, төрт бірдей көлікті қаққан. Нәтижесінде 3 адам көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, демалыс күні Түркістан облысы Ордабасы ауданында болған жол апатынан да 3 адам көз жұмды. Самара-Шымкент тас жолы бойында жүйткіп келе жатқан көліктің алдынан жылқы шығып қалған. Салдарынан көлікте отырған ерлі-зайыптылар мен олардың немересі көз жұмды. Ал, көліктің жүргізушісі Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол - қаза болғандардың күйеу баласы. Қазір жылқының иесі іздестіріліп, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу