Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

20.06.2022

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Шардара мен Жетісай аудандарын байланыстырып тұрған күре жолда болған. BMW көлігі жол бойынан шығып кетіп, аударылған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада жеңіл көліктің қатты жылдамдықпен сайға түскенін көруге болады. Бірден тоқтап, көмекке ұмтылған өзге көліктердің жүргізушілері апатқа түскен BMW-ның қаңқаларын әр жерден тауып алған.

Салдарынан жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші жан тәсілім етті. Тағы 1 адам ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қазір полицейлер жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, жол көлік оқиғасының себеп салдарын анықтап жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу