Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Швеция командасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Швеция командасымен кездеседі

11.05.2016
Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Швеция командасымен кездеседі

Мәскеуде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы Швеция командамен кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те басталады. Оны «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Биылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының кестесі тығыз. Он күннің ішінде 7 ойын өткізуге тура келеді.

Айта кетейік, өткен жылы А.Назаровтың жетекшілігімен Қазақстанның Ұлттық құрамасы элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Әлем чемпионаты мамырдың 6-сы мен 22-сі аралығында өтуде. Кестеде қазақстандық хоккейшілердің матчтары Астана уақыты бойынша көрсетілген.

8 мамыр, 15:15 - Қазақстан – Ресей

10 мамыр, 23:15 – Қазақстан – Норвегия

11 мамыр, 23:15 - Швеция – Қазақстан

13 мамыр, 19:15 - Чехия – Қазақстан

14 мамыр, 23:15 - Қазақстан – Латвия

16 мамыр, 23:15 - Дания – Қазақстан.

Хабарламаларға жазылу