Құйыннан 1 адам қаза тауып, 15-і жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құйыннан 1 адам қаза тауып, 15-і жараланды

17.06.2014
Құйыннан 1 адам қаза тауып, 15-і жараланды
 
АҚШ-тың Небраска штатының солтүстік-шығысында сұрапыл құйын көтеріліп, 1 тұрғын қаза тапты. 15 адам жараланып, ауруханаға түскен. Жергілікті билік үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін деп отыр.
 
CNN телекомпаниясының мәліметінше, табиғи апаттан штаттың 4 бірдей қаласы жапа шегіп, ондаған баспана қираған. Құйыннан келген шығын көлемі есептеліп жатыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу