Тайваньда 6,7 магнитудалы жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда 6,7 магнитудалы жер сілкінді

18.04.2019

6,7 баллдық дүмпу Хуалянь уезінде болған. 10 секундқа созылған зілзала кезінде адамдардың үрейі ұшып, айқайлап, олар қауіпсіз жерге жапа-тармағай қаша жөнелген. Зілзала ошағы 24 шақырым тереңдікте анықталған. Ал, Тайбэй қаласының кейбір аудандарында электр жарығы өшкен. Жер сілкінісінен кейін мектептерде эвакуациялау жүргізіліп, қауіпсіздік мақсатында метро қызметі тоқтатылды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу