Бишімбаев ісі: Марқұмның азапталғаны түсірілген кадрлар әшкере болды
Азаматтық некедегі жарын аяусыз өлтірді деген күдікпен қамалған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралған сотқа бүгін БАҚ өкілдері қайта қатыстырылды. Сот отырысында айыпталушының смартфоны тексерілді. Телефонындағы видеоларды прокурорлар, адвокаттар, алқа билері қарап шықты. Онда марқұм Салтанат Нүкенованың азапталған сәттері бар деп мәлімдеді судья Айжан Құлбаева. Олардың барлығы қайғылы оқиға болған күні, қарашаның 9-ы түсірілген бейнежазба. Әуелгіде бұл видеоларды түсіргені есінде жоқ екенін және монтаж болуы мүмкін деген айыпталушы, кейін марқұм әйелін қорлағанын мойындады. Видеоларды көрген алқабилер көзіне жас алды.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАтыраулық ғалым жатыр трансплантациясының жолын зерттеуде
17.06.2026, 13:15
Абай облысында 2 теміржол станциясы пайдалануға берілді
17.06.2026, 13:09
БҚО-да ауылдық округ әкімін жұмыстан шығарды
17.06.2026, 13:06
Трамп Иран соғысында мақсатына жетті ме?
17.06.2026, 13:03
Жеке деректерді таратып келген халықаралық арна жойылды
17.06.2026, 13:00
Килиан Мбаппенің қос голы Францияға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:14