Тікұшақ құлаған аумақ қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікұшақ құлаған аумақ қатаң бақылауда

24.02.2023

Тікұшақ құлаған аумақ қатаң бақылауда. Бұл оқиға орынан түсірілген экзклюзивті кадрлар. Қазір апат аймағында полиция, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Аман қалған екі адамның бірі аға инженер Сергей Щеглов 42 жылдан бері «Қазавиақұтқару» мекемесінде жұмыс істейді. Инженер апаттан кейін тікұшақтың сау-тамтығы қалмағанын айтты.

Сергей Щеглов, аға жетекші инженер:

Апаттың қалай, неден болғанын білмеймін. Үш сағат бойы ұштық. Бәрі керемет еді. Ауа райы да жақсы болды. Мен артта конспект оқып отырғам, кенет бір сәтте, көзді-ашып жұмғанша жерге топ ете түстім. Әрі қарай есімді білмеймін. Басымнан қан ағып жатқанда ес жидым. Құтқарушылар келмесе, өзім шыға алмас едім.

Қазір екі науқас та нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олар бас сүйегінің жабық жарақатын алған. Милары шайқалып, төбе сүйегіне зақым келген. Дәрігерлер науқастарды әлі 5-6 күн бақылауда ұстайды. Өмірлеріне қауіп жоқ.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу