Қазақ дзюдошылары үшінші қоланы жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ дзюдошылары үшінші қоланы жеңіп алды

22.04.2024

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында, ел қоржыны үшінші қоламен толықты. Отандасымыз Есмигүл Құюлова, кіші финалда түркменстандық спортшы қызға еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын ұтты. Бұл жерлесіміздің сары құрлық біріншілігіндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін 48 киллограмға дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева мен 66 киллограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Жаңарыс Рахметқали де, үшінші орын алған болатын.

Есмигүл Құюлова, дзюдодан азия чемпионатының қола жүлдегері:

Ұтуға бүкіл күшімді салдым деп айта аламын. Бұл менің бірінші жарысым болып тұр Азия чемпионатында. Аздап жарақатым бар еді. Бірақ екі есе жаттығу жасап, осылай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу