Бүгін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

25.02.2018

Бүгін адамзат спорты тарихында ерекше күн. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ұйымдастырылған ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Екі аптадан астам уақытқа созылған аламаннан Қазақстан қоржынына бар болғаны бір ғана қола түсті. Жарыстың нәтижесіне келер болсақ,  жалпыкомандалық есеп бойынша, бірінші орынды 39 медальмен Норвегия еншіледі. Қанжығаларына 14 алтын, 14 күміс және 11 қола медаль байланды. Ал, екінші орынға 31 медаль жеңіп алған Германия, үшінші орынға 29 медальмен Канада тұрақтады. Бір қоланы қанағат еткен Қазақ елі тізімде 28-орында тұр.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу