Кузин – төртінші, Креч – оныншы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кузин – төртінші, Креч – оныншы

19.01.2014
Кузин – төртінші, Креч – оныншы
Жапонияның Нагано қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша Әлем чемпионатында  ерлер арасынан 500 және 1000 метрлік қашықтыққа жарыстар аяқталды.
 
500 метрлікке жүгіруде Голландия спортшысы Мишель Мюлдер топ жарды. Екінші және үшінші орынды австралиялық Дэниел Грейг пен жапон Кеичиро Нагашима еншіледі. Қазақстандықтар Роман Креч пен Денис Кузин мәре сызығын 7-ші және 14-ші болып кесті.
 
Ал 1000 метрлікке жүгіруде Денис Кузин тек америкалық Шэн Дэвиске есе жіберді.
 
Жалпы есеп бойынша Мишель Мюлдер Әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені Шэн Дэвис, ал қоланы  Кеичиро Нагашима жеңіп алды. Денис Кузинге жеңіс тұғырына көтерілуге 1,12 ұпай жетпей қалды.  Ал Роман Креч ондықты қорытындылады.

Хабарламаларға жазылу