Жайықтың суы қауіпті деңгейден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың суы қауіпті деңгейден асты

21.04.2024

Оралда Жайықтың деңгейі қауіпті межеден асып, 8,52 метрге жетті. Қаланың Курени ауданында бөгеттің астынан су өтіп, іргедегі тұрғын үйдің ауласын су басты. Қазір нақ сол жерде түсірілім тобы тікелей эфирге шығуға әзір тұр. Ардақ, жағдайды баяндасаңыз.

Ардақ Мұратқызы, тілші

Қазір біз қаланың Курени, яғни түркі тілінде Күрең деп аталатын ауданында тұрмыз. Бұл жерде биіктігі 5 метрлік бөгет соғылды. Мінекей, әскерилер тағы да құм-қапшықтармен бөгетті биіктетіп жатыр. Алайда, Жайықтың суы оның астынан жылыстап өтіп кеткен. Мына екі қабатты үйдің ауласын су басқан. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары шұғыл апаттан құтқару шараларына кіріскен. Қала әкімдігінің өкілдері де осында. Бірнеше техника жұмыс істеп жатыр. Біз алдын ала тұрғыннан сұхбат жазып алған едік. Назарларыңызға ұсынамыз.
Төлеген Тапауов, қала тұрғыны:

Жайықтың деңгейі қауіпті шектен асты. Бір тәулікте 24 смге көтеріліп, қазір 8,54 метрге жетті. Қала аумағында су басу қаупі бар 24 аумақ ерекше бақылауда тұр. Мысалы, облыстық аурухана ауданындағы Елизаров көшесінде су бөгеттердің іргесіне келіп тұр. Шерхан...

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу