Алматыда 300 түп алма ағашы отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 300 түп алма ағашы отырғызылды

20.04.2024

Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 200 адам атсалысты. Шара аясында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай Алатау ауданында 300 алма ағашы отырғызылды. Науқанға “Генералдар және Офицерлер кеңесі” қоғамдық ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Экоакция аясында жалпы бір ай ішінде 30 мың көшет отырғызылады, - дейді ұйымдастырушылар .

Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихаттың төрағасы:

Бір ай бойы осы қала тұрғындарын іс шараға қатысуға шақырып жатырмыз. Бұл ағаштарды тек егіп қана қоймай, оның ары қарай өсіп кетуіне барлығымыз бақылау жасау керек боламыз. Жалпы енді өзіміздің елімізде экологиялық акцияларды өткізу, қаламызды таза ұстау былай қарағанда әкімдіктің ғана жұмысы емес, әр адамның өзінің мәдениетіне байланысты. Сол себепті осы мәдениетті қалыптастыру біздің басты мақсатымыз. 

Хабарламаларға жазылу