Апорт өсіру қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апорт өсіру қолға алынады

06.10.2014
Апорт өсіру қолға алынады

Апорт өсіру қайта қолға алынбақ. Бұрындары Қазақстанда 4 миллионға жуық түп апорт ағашы болса, соның 80 пайызы Алматыда болған. Осы көрсеткішке қайта оралу үшін алдағы бес жылда тынбай еңбек ету керек. Ол үшін кемінде 4,5 мың гектар жерге бау-бақша егіледі. Осы мақсатта қазірдің өзінде бюджеттен 690 миллион теңгенінің көлемінде қаражат бөлініп отыр.

Алматы алмасын өсіру мемлекеттік бағдарлама. Облыста қазір 9 шаруашылық жеміс ағашын өсірумен айналысады. Жыл сайын олар миллионға жуық түп ағаш жемісін сатады. 

Хабарламаларға жазылу